Ибраһим Иманов: «Прокуратураға халықтың сенімі артып келеді»

Oinet.kz 24-07-2019 1064

prokuror-UKO-Imanov.jpg

Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде облыс прокуроры Ибраһим Иманов жуырда парамен ұсталған Шымкент қаласы Қаратау аудандық соты судьясының ісіне қатысты өзінің пікірін білдірді. Прокурор судьяның параны не үшін, қандай мәселені шешу үшін сұрағанына тоқталған жоқ. Бұл мәселеге қатысты жеке көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, орын алған оқиғадан кейін соттардың бәрі парақор деген пікір тумауы тиіс. Керісінше параға жақын жүретін, өзінің берген антын аяқ асты ететін қызметкер сот саласынан аластатылды деп қабылдау керек. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Шаланов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік және соттағы жемқорлықты ескерту бөлімімен бірігіп өткізген іс-шарасы кезінде парамен ұсталды. Қазіргі уақытта судья қызметінен аластатылып, оның өкілеттігі тоқтатылған. 

Мәжіліс барысында айтылған мәліметтерге қарағанда, облыс прокурорлары былтырғы жылы жаңа жобалар, тың бастамаларды қолға алған. Оңтүстік өңіріне тән өзекті мәселелерді шешу мақсатында прокурорлық қызмет ету саласына жобалық менеджментті енгізілген. Қазіргі таңда 12 жоба жүзеге асуда. Мәселен, халық сенімінен шығудың басты жолы  азаматтардың өтініштерін сапалы қарау арқылы құқықтарын қорғау.  Осы бағытта «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы іске асырылуда. «Қоғамдық қабылдау» институтын құру арқылы азаматтардың жеке қабылдауы тек Консультативтік кеңес мүшелерінің қатысуымен өткізілуде. Нәтижесінде кеңес алған азаматтар қайта шағымданудан бас тартып, жеке қабылдауға жазылған азаматтардың саны 2 есеге азайған. 

-Жоба іске асырылған 4 ай ішінде түскен өтініштердің саны 30 пайызға төмендегінін немесе 1700 өтінішке кемігенін атап өтуге болады. Аталған жұмыс тиімділігін «Астана –Зерттеу» қоғамдық қорымен жүргізілген сұрау-сауал да растайды, яғни халықтың 89 пайызы облыстық прокуратура органдарына сенім білдірді,-деді облыс прокуроры Ибраһим Иманов. 

Прокуратураның қолға алған шараларының  нәтижесінде соңғы соңғы жеті жылда Шымкентте алғаш рет қылмыстың саны 7 пайызға кеміген. Ал алаяқтық қылмыстар 36 пайызға төмендесе, биылдың жартжылдығында ол 40 пайызға азаяды деген болжам бар. 

Қазір облыс прокурорларына бас прокуратура тарапынан жеке меншікті қорғау, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастыру тапсырылды.  Жеке меншікті қорғау, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларды гуманизациялау, кәсіпкерлік салада құқық бұзушылық үшін санкцияларды төмендету, қоғамдық қауіпсіздік деңгейі төмен экономикалық қылмыстарды декриминализациялауға дейінгі барлық заңнамалардың ревизиясы күтілуде. 

-Осыған орай барлық қала, аудан прокуратура қызметкерлері арасында экономикалық қылмыстарды декриминализациялау бойынша ұсыныстар енгізу конкурсын жариялаймын, жүлдегерлер міндетті түрде кадрлық резервке қойылады,-деді Ибраһим Иманов. 

Мұрағаттан, 2017 ж

Артық Тоқсанбаев: «Нұрғиса Тілендиевтің алдында «Құстар» әнін айтқанмын»
Әміржан Қосанов: «Енді бізде «екінші Назарбаев» болуы мүмкін емес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу