«Бүркіт ұясы» - ерекше мекен
Төлеби ауданында атауы ерекше демалыс орны бар. «Бүркіт ұясы» деп аталады. Табиғатымен тамсандырған, өсімдік және жануарлар әлеміне бай Біркөлік шатқалына жайғасқан кешенде қонақтардың көңілінен шығар дүние көп. Біріншіден, демалыс орны сауықтыру кешенін ұсынады. Қымыз, жаңа сауылған саумалдан дәм татқан демалушылар күні бойы сергек жүретіні анық. Екіншіден, мұнда заманауи коттеджермен қатар қазақы киіз үйлер орналасқан. Ал тау етегіндегі монша мен бассейннің жөні тіптен бөлек. Спортпен шұғылданамын дейтіндер үщін де мұнда жағдай қарастырылған. Кешенде ашық стадион бар.