Төлебиде экологиялық туризм қарқынды дамуда

Oinet.kz 24-04-2024 139

image.png

Төлеби ауданы  туристік әлеуеті зор аймақ.  Өңірдің  тарихи-мәдени орындарымен қатар, тартымды табиғатын әлемге таныта білсек, өңір үшін айтарлықтай табыс әкелетіні сөзсіз. Осы тұрғыда  аудан әкімдігі  тарапынан қолға алынған шаруалар аз емес. Соның бірі – экологиялық туризмді дамыту. 

image.png

Ауданда қазіргі таңда глэмпинге лайықталған демалыс кешендері қарқынды жұмыс істеуде. Әсіресе , талайдың таңдайын қақтырған «Біркөлік шатқалында» мұндай орындардың көбейіп отырғандығы қуантады. Себебі туристік нысандардың көбеюі бәсекелестік қабілеттілікті арттыра түседі. Ал бәсеке бар жерде сапаның болатыны сөзсіз. Өңірдің туристік әлеуетін көтеруге өз үлесін қосып отырған нысанның бірі – Біркөлік шатқалында орналасқан «Нұр-Тау» демалыс аймағы. Демалушылардың көңілінен шығып жүрген бұл кешенде керемет демалыс үшін барлық жағдай жасалан. 

Мәселен бассейннен бастап бильярд, балалар ойын алаңшасына дейін  салынған.  

image.png

Жаның жай табатын мекен
«Бүркіт ұясы» - ерекше мекен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу