Виртуалды өмір туралы миф және ақиқат: Инстаграмдағы идеалды өмірдің құпиялары
Виртуалды әлемнің қызығы да, шыжығы да қазан-қазан. Инстаграм әлеуметтік желіде өзіне парақша ашып, сол парақшаны екінше қиялындағы үйіне айналдырған блогерлер қазір өте көп. Бұл әлемдегі етек жайған құбылыс, сол секілді Қазақстан да блогерлер нарығына әлдеқашан кіріп үлгерді. Виртуалды имидж құрудың себебі әртүрлі. Кейбір блогерлердің инстаграм күнкөрісі болса, бірі үшін инстаграмдағы лайкка лайық болу жан ләззәті. Ал, психологтар бұл құбылысты «виртуалды ауру» немесе «тәуелділік» деп түсіндіреді.
Инста әлемінің жаңа жұлдызы 2019 жылдың үздік блогері Natali Si қазірде миллионға жуық фоллоуерлері бар. Осы тұста Натали ханымнан инстаграмдағы виртуалды өмірі мен жеке өмірінің айырмашылығын сипаттап беруімізді өтінген едік:
Натали Си (блогер)
«Әрине, бәрі де сіздер ойлағандай ғажайып емес. Инстаграмдағы суреттер тегіс керемет және әдемі көріне береді. Кадрдағы инстаблоггерлер мінсіз де сен олар сияқты емессің деген иллюзия туындайды. Ал, мұның барлығы шын мәнінде олай емес.Біз барлығымыз да өзінің осал тұстарымен, бұйра шашымен, қисық тісімен, бірі қысық көзімен жаратылған адамдармыз. Бірер сағаттық фотошоп пен монтаж арқасында суреттегі Натали идеалға айналады.
Блогерлердің контентіндегі кіршіксіз өмір, мінсіз қарым-қатынас пен салауатты өмір салтына үздіксіз ұмтылысты көрген оқырмандар виртуалды әлемінің шырмауына түседі. Қазір әр блогер өз контентін ойлап табу, парақшасында біркелкілік, дизайн, басқа блогерлердің бәсекесінен құтқаратын ерекшелік қалыптатыруға тырысады. Сол секілді мен де өзіме шынайылықты контентімнің басты беті етіп алдым. Мен оқырмандарыма идеалды өмірдің болмайтынын, оларға қызғаныш емес, пайдамды ұсынып мендегі бар жақсылықтың бір тілімін ұсынғым келеді. Өйткені, қарапайым, әлсіз адамдарға қызғанышпен күресу қиын, олар көбінесе қызғаныштан жаңылыс қадамдарға барып, орынсыз комментарийлер қалдырып жатады. Мен өзім идеал емепін, идеал өмірге ұмтылмаймын.»