Назарбаев Ли Куаннің ақылын неге тыңдамады?

Oinet.kz 11-02-2022 3151

OINET.KZ - Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі, кедейшіліктің қамытын киген өз елін әлемдегі ең бай мемлекеттердің қатарына жеткізген Ли Куан Ю былай деген:

Screenshot_7.jpg

-Менің алдымда екі жол тұрды. Біріншісі-бәрін ұрлап, өзімнің достарым мен туыстарымды «Форбстағы» байлардың тізіміне енгізу, сол арқылы халықты тақыр жерге отырғызу. Екіншісі-халыққа қызмет етіп, сол арқылы елімді әлемнің ең озық ондығына кіргізу. Мен екіншісін таңдадым.

 Ли Куан Ю-ді Нұрсұлтан Назарбаев өзіне пір тұтты. Оған биліктен кетпеуге кеңес бергені, көзі тірісінде Қазақстанның екі медальімен марапаттағаны белгілі. Алайда Елбасы өзі пір тұтқан, рухани ұстазының жоғарыдағы ақылына құлақ түрмегені өкінішті-ақ.  Отыз жыл билік еткен жылдары оның достары мен отбасы мүшелері әлемдік деңгейдегі миллиардерлердің қатарына кірді. «Форбс» басылымының тұжырымы бойынша елдегі ең бай деген елу бизнесменнің бәрі Назарбаевтың айналасынан өсіп шықты. 

Қазақстандағы енді Сингапурдың марқұм премьер-министріне, әлем мойындаған реформаторға қатысты таным-түсінік те өзгеріп жатыр.  Жуырда «Нұр Отан» партиясының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Куан Ю туралы былай деді:

-Мен Сингапурде 4 жыл жұмыс істеген жылдары Ли Куан Ю-ді көріп, онымен кездесіп жүрдім. Бұл кезде оның жасы 50-де еді. Сондықтан оны сырттай бақылап, кітаптарын, сұхбаттарын оқыдым. Көзі тірісінде оның образы демократиялық көшбасшыдан алыстау еді. «Коррупцияға нүкте қою үшін екі-үш жақыныңды түрмеге отырғызсаң жетіп жатыр» деген сөзді Ли Куан Ю айтпаған.  Ол жай ғана аңыз.  Керісінше, ол отбасылық-кландық тұжырымдаманың негізін қалап кетті, өмірінің соңына дейін үкіметте аға министр, тәлімгер ретінде қалды.  50 жыл билікте болды. Сондықтан бізге үлгі алуға Ли Куан Ю-дің образы қаншалықты сәйкес келеді. 

Дегенмен Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бұған дейін жазған «Нұр және көлеңке» атты кітабында Назарбаев пен Сингапур президенті Ли Куан Юдың алғаш жүздескен сәтін баяндап, кітапта Сингапур премьер-министрін мақтаған еді. Шамасы Тоқаев кітапта нұр туралы көбірек жазып, көлеңкесін бүгіп қалса керек. 

Дариға Назарбаеваның «Қаңтар қасіретіне» не қатысы бар?
Тоқаев тапсырмаса, Әйтенов мәселе шешпей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу