Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына үміткер
ҚР сенатының экс-спикері Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына ұсынылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Nur Otan партиясынан ұсынылған мәжіліс депутаттығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Олардың қатарында сенаттың экс-спикері Дариға Назарбаева, үкімет басшысы Асқар Мамин, Nur Otan партиясының бірінші орынбасары, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек, президент әкімшілінің жетекшісі Ерлан Қошанов, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және т.б. бар.
Кандидаттардың тізімі 126-ға жетеді: оның 77-сі праймериз бойынша іріктелсе, 49-ы. орталық партиялық квотамен келген.