Бекболат Тілеухан тағы бір журналисті қарғады

Oinet.kz 21-10-2020 5421

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жақында "Жас Алаш" газетіне жұмысқа орналасқан журналист Тоқтар Жақашты қарғады. Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

ТОҚТАР ЖАҚШАН БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН.jpg

Бекболат Тілеухан журналистің жекесіне:

«Сенің айтқаның рас болып, Тұрсынай деген адамның ақысын жесем АЛЛАҺ мені тапсын! Олай болмай, көзің жетпеген нәрсеге жала қылып жапқаның рас болса, АЛЛАҺ сенің жаңынды қуырып, «не болдымға ұшыратсын!» Әмин, әмин, әмин!!!

Қатты қинал! Жалақордың жаны екі дүниенің азабында шырылдасын! Әмин, әмин, әмин!!!» - деп жазып жіберіпті. Оның жазған скриндарын Тоқтар Жақаш әлеуметтік желіде жариялады. 

Screenshot_2.jpg

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтар Жақаш өз парақшасында Тұрсынай есімді келіншек Бекболат Тілеуханның үйінде қызметші болып жұмыс істегенін, бірақ, оның ақысын жеді деп ақпарат таратқан. 

Шымкентте баласын сатқан ана 6 жылға сотталды
«Түркістан облысында мұғалімдердің 80 пайызы оқу орнын сырттай бітірген» - Жолаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу