Шымкентте баласын сатқан ана 6 жылға сотталды

Oinet.kz 20-10-2020 960

Шымкент қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Шымкентте баласын сатқан ана алты жылға сотталды. 2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туылған Назгуль Есенова өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 000 000 теңгеге жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілген деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бала.jpg

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында, аталған азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінген.

Күдіктіге «үйқамақ» түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылып,  20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды.

27 қыркүйекте Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен аталған азаматша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды.

Түркістанда отставкіге арыз жазатын үшінші әкімі белгілі болды
Бекболат Тілеухан тағы бір журналисті қарғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу