«Халық банк» Фейсбукта халыққа 300 мың доллардан таратуда»: Шын ба?

Oinet.kz 26-07-2020 7884

Соңғы кездері Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстандағы ең ірі банк - Halyk bank атынан ашылған аккаунт халықты адастыруда деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Халық банк атынан ашылған парақшада аталған банк халыққа ақша тарататынын айтылған. Ақшаны қалай алуға болады? Бұл туралы парақшада:

"Барлық елдер үшін мен бүгіннен бастап 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін Facebook-тегі адамдарды еркін таңдаймын және бұл ресми (алаяқтықсыз). Үйде тіркеліп, 10 минут ішінде ақшалай сыйлықтарға ие бола отырып, біз адамдарға CORONA вирусының таралуына байланысты жұмыс істей алмайтындықтан көмектесуге шақырамыз. Сіздің атыңыздың бірінші әрпін таңдаңыз, сонда сіз таңдаған сыйлық аласыз.

Мұны дәл қазір жасаңыз, - деп жазылған. 

Ары қарай әр түрлі әріпке әр түрлі сомалар жазылған. Сома 1 мың доллардан басталып 1 триллион долларға дейін кете береді.

Screenshot_4.jpg


Жазба соңында бұл ақпаратты тарату керектігі айтылған:

"Осы жазбаны қазір 10 топпен бөлісіңіз. Қосымша биржалар. Жеңу мүмкіндігі көбірек. Сіздің атыңыз тіркелгеннен кейін 5 минуттан кейін сіздің ақшаңыз жіберіледі, бұл сіздің мүмкіндігіңіз болуы мүмкін. Сіздің уақытыңыз жақын арада басталады. Сәттілік және Құдай сақтасын !!!

Screenshot_5.jpg

Көптеген адамдар бұл жазбаға сеніп оны жаппай бөлісуде. Нәтижесінде қазіргі таңда Halyk bank атынан ашылған парақшаға 532 адам тіркеліп үлгерген. Ал жазбаны 2300 адам бөліскен. 7400 адам пікір жазған.

Дегенмен бұл парақшаға оқырман жинау мақсатында ашылған жалған аккаунт болуы әбден мүмкін. Бұл жерде "Халық банк" елге еш себепсіз ақша таратуы мүмкін емес. Сондықтан да мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз.

Парманов пәрменсіз, Жұмаханбетов жауапсыз ба?
Владимир Божко, депутат: «Мені сайлаған сендер емес!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу