Қуандық Мақсұтов: «Жетістікке жеткің келсе, ешкімге еліктемеген жөн»

Oinet.kz 28-11-2017 1245

Screenshot_3.jpg

Қуандық Мақсұтов, әуесқой боксшы, жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігің жеңімпазы

Бүгінде Оңтүстікте спортшылар шоғыры қалыптасып үлгерді. Әрбір халықаралық турнир, біріншілік, ең соңы төрт жылда бір өтетін Олимаиада сайын Оңтүстік өңірінің спортшылары міндетті түрде жүлде алып жатады. Осыдан-ақ спорт саласы тұрақты түрде даму үрдісінде келе жатқанын бағамдауға болады. Түстіктен шыққан спортшыларының дені ірі жарыстарда өздерінің намысқойлығымен, жеңіске деген жігерлерімен ерекшеленіп жатады. Әсіресе, бокста. Бекзат Саттарханов

– Қуандық, біз сені Филиппинде өткен Азия біріншілігінің жеңімпазы болғаныңмен шын жүректен құттықтаймыз! Жалпы, боксқа қызығушылығың қашан пайда болды? Аталған спорт түріне қалай келдің?

– Рахмет! Мен боксқа 12 жасымнан бастап қатысы бастадым. Әрине, былай қарасақ, 12 жас кеш деп айтуға болады. Ата-аналар балаларын түрлі спорт үйірмелеріне ес білген шақтарынан бастап жіберіп жатады ғой. Дегенмен, егер шын қалап келсең, бәрі мүмкін. Ештен кеш жақсы дейді.

Боксқа қызығуыма алғашқы жаттықтырушым – Абылай Қуанышбаев себепкер болды. Ол мені үйірмеге өзі шақырды. Әйтпесе, қазір басқа мамандық иесі болар ма едім?

Алғашқы жетісігітім – өз салмағымда Ордабасы ауданында бірінші орынға ие болдым. Одан кейін облысаралық біріншіліктерде тұғырлардан көрініп жүрдім. 2015 жылы Степногорск қаласында болған республиалық біріншілікте жеңімпаз атандым. Бірінен кейін бірі үздіксіз жалғасқан жеңістер сериямы мені қанаттандырды, шабыттандырды. Осы серияны үзіп алғым келмей, жаттығуда барынша тырыстым. Жаттығуда қанша қиналсам, жекпе-жекті соғырлым жеңіл өткізумен болдым. Жетістікке жетуде - 1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек керек екеніне көз жеткізе түстім.  

Дәл қазіргі ең ірі жетістігім – биыл Филиппинде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі.

Алдағы жоспарларға тоқталсам, 2018 жылы болатын Азия және Әлем біріншіліктерінде жеңімпаз болғым келеді. Жалпы, кіші жарыс, ірі жарыс демей, барлық жерде көш басында көрінуге тырысқан абзал ғой. Осы қарқынмен жалғастыра берсек, Олимпиада жолдамасына ие болып қалармын деген үміттемін.

Бүгінде Мардан Сапарбаев атындағы университетке қарасты «Парасат» колледжінде «Дене тәрбиесі» факультетінде білім алудамын.

– Жасыратыны жоқ, кей спортшылар мәдениетсіз іс-әрекеттер жасап жатады. Мысалы, өзінен әлсіздерге күш көрсетеді. Бұл жайлы көзқарасыңыз қандай?

– Меніңше, олар спортшылар емес. Нағыз спортшы ондай лас іс-әрекеттер жасауға уақыт таба алмауы тиіс. Және намысы бар спортшы ондай төмен деңгейге түспейді.

Иә, өзім де байқаймын, ондай спортшылар оқтын-оқтын кездесіп қалып жатады. Бапкерлер ондайларға «экс-спортшы» деген ат тағады. Яғни, спортта ешқандай белесті бағындыра алмаған, ерік-жігері төмен адамды спортты тастап кетеді. Спорттан алыстаған адам белгілі бір уақытта күйзелісті бастан кешеді. Сонда ол ашуын тырнадан алмаққа бекініп жатады. Оның соңы жақсылыққа алып бармайды.

Менің бапкерім, ата-анам әрқашан сенім артатындарын айтып жатады. Бапкерім: «күшіңді алаң сыртында емес, шаршы алаң ішінде сарп ет» деп қайталаудан шаршаған емес. 

– Сіз қандай да бір боксшыға еліктейсіз бе? Кумиріңіз кім?

– Мен ешімге еліктемеймін. Жалпы, еліктегенді ұнатпаймын. Еліктеу – әлсіздерге тән нәрсе деп білемін. Меніңше, жетістікке жеткісі келетін әрбір спортшының өзіндік бағыты, өзіндік пікірі болуы керек. Ешкім қайталай алматын өз стилі болғаны абзал. Мансабын енді бастап келе жатқан спортшы көшірме емес, түпнұсқа болуға ұмтылғаны абзал. Өз-өзін кумир тұту керек. Сонда ғана адамда өз-өзіне деген сенімділік, жауапкершілік пайда болады. Сіз біреуге емес, біреу сізге еліктейтін болады.

Мені кішкентай кезімде «Рокки» фильмі жігерлендірген еді. Әрине, фильмдегі кейіпкерлерге ұқсауға тырыспадым. Тек, басты рөлдегі боксшының жеңіске деген ұмтылысы мені бокс әлеміне жетектеп әкелді десе болады.

Менің келесі буынға берер кеңесім – намысыңды қайрайтын мотивациялық фильмдер көріңіздер деймін. Айтар ойы, берер тағылымы жоқ арзан күлкіге құрылған фильмдерге шектен тыс құмартқан жөн емес.

Және мен Геннадий Головкиннің боксқа деген махаббатын ерекше бағалаймын. Олимпиада жеңімпазы бола алмағасын, ол кәсіпқой боксқа ауысып, өзінің нағыз дүлдүл екенін дәлелдеді. Түсінгенім, ол Олимпиада да өз әлеуетін толықтай аша алмады. Ал, кәсіпқой бокста өзін судағы балықтай сезінді деп ойлаймын.

Мен оның соңғы жекпе-жегін көрдім. Меніңше, жеңіске Головкин айқын басымдықпен жетті. Ол Канелоны нокаутқа түсіру үшін барынша тырысты. Шаршы алаңда нөмірі бірінші позициямен жұдырықтасты. Ал, Канело ұпай санымен жеңіске жетуді көздеді. Осыдан-ақ оның Головкинді нокаутқа түсіремін деген ойы болмағаны аңғарылады. Егер реванш болып жатса. Головкин жеңіске жетеді деп ойлаймын.  

Ермек Дәрменов: «Таланттарды ауылдардан іздеу керек»
Райхан Қалдаяқова: «Ағам тірі болғанда бұл қорлықты көрмейтін едім»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу