«Еңбекпен» жұмыс тапты
Айдана Сабыр оқуын аяқтай салып, Отырар аудандық орталық ауруханасына жастар практикасы арқылы 6 ай жұмыс істеген. Бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Шымкент медицина колледжін 2018 жылы бітіріп, жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелдім. Сол арқылы 6 ай жастар практикасына қатыстым. Ол жерде тәжірибе жинақтадым, ол кезде айлығым 47 мың болды. Сол арқылы орталық ауруханаға тұрақты жұмысқа тұрдым. Қазір жалақым 70 мың»,- дейді Айдана.
Мамандардың мәліметінше ауданда 6 айда кәсіптік оқытуға тартылғандар барлығы 280 адам, ал шағын несие алып кәсібін бастағандар саны 50 адамды құрап отыр. «Еңбек» бағдарламасы аясында 1600 дей азаматымыз осы бағдарламамен қамтылып отыр. Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылады. Жастар жылына орай 173 жасты 505 мың теңгелік грантпен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 14 жастың құжаты Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Оған биылғы жылы 90 млн теңге қаралып отыр»,- дейді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхит Амангелді.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыссыз жастарды оқытып, екі қолға бір күрек табуына септігін тигізуде.