Су мәселесі шешілді
Шардаралық диқандар күн түн демей егіс алқабында тынбай еңбек етуде. Еңбектің наны тәтті деген қағиданы ұстанғандар ағымдағы жылы өнімді көбірек алатындарына сенеді. Себебі ауа райы егін еккендер үшін қолайлы, ерте көктемдегі жауын-шашым да өз пайдасын тигізген. Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылындағы шаруа қожалықтарының иегерлері биыл су мәселесін шешті. Қызылқұмнан келетін суға жауапты «ҚазСуШар» бекіткен тарифтері тұрғындарға тиімді болып отыр.
Бауыржан шаруа қожалығы жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отырады. Қарамағындағы 6 гектар жердің 1,5 гектарына мақта өнімін ексе, 4 гектарына жоңышқа, қалғанына қауын еккен. Сондай-ақ жүзімді де кездестіруге болады. Көршісінің 5 гектар жерін уақытша пайдалануға алған Еркінбай ақсақал төрт түлігіне азық ретінде жүгері еккен. Өнімінің 90% жайқалып өсіп қыркүйек айында терімге кірісеміз»,- дейді.
Қауысбек Тұрысбеков ауылына қарасты 1800 гектар суармалы жер бар. Олар толығымен игерілген. Техникалары да жетерлік. Тек еңбектену керек. Жер анаға көп көңіл бөлсең ғана мол өнім аласың»,- дейді аймақ тұрғындары.