Түркістанның әрбір тұрғыны газбен қамтылады

Oinet.kz 24-08-2019 660

Screenshot_21.jpg

Облыс орталығына айналғалы бері Түркістан қаласында талай ауқымды істер атқарылып, құрылыс жүрді. Алайда тұрғындарға ең маңызыдысы инфрақұрылымның жүргізілуі. Рухани шаһардың тұрғындары бүгінге дейін үйде от жағып, күл шығарып жүрген еді. Енді міне, түркістандықтардың да көгілдір отынның қызығын көретін күн жетті.

      Қазір таңда Түркістан әкімдігі қаланы газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда  Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат тұрғын үй массивін газдандыру бойынша мұндағы абонент саны 4161 үйді құрап,  112,1 шақырым газ құбыры монтаждалды. Сондай-ақ  Отырар мөлтек ауданы, ХҚТУ тұрғын үй массиві бойынша 5025 абоненет көгілдір отынға қосылатын болды. Салаға жауаптылар  жұмыс осы жылы аяқталады деп отыр. Бұдан бөлек  Отырар, Шавгар, Бекзат, мөлтек аудандары, Коммунизм, Рем зауыт аумақтары, Ортақ тұрғын үй массивінің тұрғындарына газ жеткізілетін болады. Бүгінде аталған аумақтарда шкафты газ реттеуші пунктері жәшіктерінің тіреуіштері бетондалған. Жаңа құрылыс, Түркістан қаласының орталығы бойынша абонент саны – 5676. Қазіргі таңға инженирингтік қызмет көрсетуші мекемелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ал Қызылорда тас жолы Иассы және Сауран мөлтек ауданы, Баянауыл аумағы бойынша абонент саны – 3036 құрап отыр. Келісім шарт түзу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан халқын газдандыру жұмыстары 2019-2020 жылдары толықтай аяқталады дейді мамандар. 



Құрылысшылар форумы өтті
Маман керек болса...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу