Құрылысшылар форумы өтті
Қазақстанда құрылысқа қажетті материалдарды өңдеп, шығаратын кәсіпорындар көп-ақ. Алайда тауалардың сан түрі самсаған дүкен сөресінен әр елдің заттарын табуға болады. Дегенмен отандық өнімді қолдау ол – еліміздің экономикасын, болашағын қолдау деген сөз.
Осы орайда Түркістан қаласында алғаш рет құрылысшылар форумы өтті. Жиынның мақсаты шаһардағы құрылыс жұмыстарына отандық тауарларды қолдану және құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату. Бір сөзбен айтқанда отандық өнімді қолдау.
Бүгінде елімізде шетелдің брендтеріне қызығып, киім-кешектен бастап, жиһаз, құрылыс материалдарын өзге елдерден алдыртып жатады. Алайда біздің елде де дәл сол тауарлар өндіріледі. Сапасында да ешқандай мін жоқ, әрі бағасы да қолжетімді. Осы орайда отандық өнімдердің деңгейін көтеріп, оны қолдауымыз аса қажет. Сондықтан, отандық өнімдерге қашан да маңыз бергеніміз жөн.
«Түркістан облысыда жан-жақты құрылыс, сатып алу жүруде. BI Group компаниясымен бірлесіп жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ден қойып отырмыз. Кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің тауарын алу керек. Кей құрылыс заттарын біз шетелден алып жатамыз. Тура сол жиһаз бізде де бар»,- дейді Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев.
Алдағы уақытта қарқын алған құрылыс жұмыстарына отандық өнімдерді молынан тарту үшін жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнатылмақ.