Мүгедек азаматшаны жұмысқа қабылдады

Oinet.kz 20-08-2019 658

Screenshot_15.jpg

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында жеке және заңды тұлғалар арасында қоғамдық қабылдау жүргізді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

      Алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде жүрген қоғамдық қабылдау барысында Хаким Дүйсешұлы азаматтардың өтініштерін тыңдап, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Кентау қалалық емханасында оператор қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі Анарбекова Анаркүл өзі қызмет ететін емханада бухгалтерлік қызметке кіруге ниет еткен. 2015 жылы бухгалтер курсын аяқтаған Анаркүлді емхана басшылығы кемсітіп, аталған жұмысты бір қолмен игере алмайсың деп жауап қатқан. Әділдік пен адами қарым-қатынас іздеген азаматша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына арнайы келген. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Дүйсешұлы азаматтық танытып, Анаркүлді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментіне бухгалтерлік жұмысқа шақырды.

       Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті. Виртуалды Қоғамдық қабылдауда азаматтар тарапынан біршама сауалдар қойылып, оларға тиісінше шұғыл жауап жолданды. Партия филиалының xалықпен тілдесудегі жаңа бастамасы ары қарай да жалғасын табатын болады


8668 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоқысты енді сұрыптап тастайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу