Наурызды әлем елдері қалай тойлайды?

Oinet.kz 01-10-2018 1108

5da5fcfa5feb206b1861dcfaf6d5b92f.jpg

Сүлеймен Доған, Түркия, Байбурт қаласы:

«Ескі паластарды өртеп, үстінен секіреді»  

-Түркияда Наурыз тойын атап өту басталып кеткен.  Бұл жақта Наурызды елдің әр қиырындағы халық әр қалай тойлайды. Бірақ бәріне ортақ бір ұқсастық-Наурызда халық бір-бірін мерекемен құттықтап, өткен-кеткен реніш-өкпесін ұмытады. Барлық үй қонақтардан босамайды. Біз тұратын аймақтың халық Наурызды ерте тойлайды. Осы жақында қыстың аяқталғанын білдіру үшін тұрғындар далада от жақты. Ұлттық тағамдар пісірілді. Елдің шығыс аймағында тұратын халық үйлерінің есіктерін тыңдап, айтылған тілектердің қабыл болған-болмағанын өздерінше жорып жатады. Солтүстік жақта «Март Бозуму» деп аталатын дәстүр бар. Халық жан-жануларларының үстеріне су себеді. Ал батыс жақта Науразда адамдар ескі паластарды жағып, соның үстінен секіреді. 


Батпа Әлімова: Өзбекстан, Ташкент облысы Шыршық қаласы:

«Таң атқанша сумалак пісіріп, ән айтамыз»

-Өзбекстанда Наурыз тойында халық бір-бірін үйіне қонақ етіп шақырады.  Дастарханды мейілінше мол етіп жайғанды жақсы көреді. Біз жақта көктем ертең шығатындықтан табиғат та бұл кезде ерекше жадырап, адамға шаттық сыйлайды. Наурызда сумалак деп аталатын тағам пісіріледі. Оны бүкіл ауыл, көше болып дайындаймыз. Оған барлық үй үлес қосады. Сумалак күні бұрын өндірілген бидайдан әзірленеді. Пісіруге бүкіл ауылдың әйелдері жиналады десе де болады. Ер азаматтар бұл іске араласпайды. Әйелдер қазанның түбіне өздеріне ұнаған майда тастарды әкеліп салады. Қайнап жатқан сумкалакты таң атқанша кезектесіп қозғаймыз. Қозғаушы дәретпен отыруы шарт. Әр қозғаған сайын жақсы тілектер айтып отыруы керек. Біреулер қазанды қозғағанда келесілері ән айтып, жұрттың көңілін көтереді. Дайын асты әр үй үлесіне қарай бөліп алады. Қазанның түбін жалаудың да өзіндік тәртібі бар. Оны тек шынашақпен жалайды. Қазанның түбінде қалған тасты тұрғындар өздерімен бірге алып кетеді. Ол тас үйге ырыс алып келеді деген түсінік бар. 

Иран елі Наурызды 13 күн тойлайды
Биыл Жұмат Шанин мен Нәзір Төреқұлов жан-жақты дәріптелмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу