Жастар ән салып, сергіп қалды

Oinet.kz 30-07-2019 779

Screenshot_7.jpg

Қолы бос, күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың теріс жолға түсіп кетуі бек мүмкін. Іші пысып, көше кезген бала әрнәрсеге әуестеніп, жат қылықтарға үйір болады.  Осы ретте жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көше кезіп, теріс жолға түсуі немесе бұзақылыққа бой алдыруының алдын-алу мақсатында Қазығұрт ауданында, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және "Жастар ресурустық орталығының" мамандарының қатысуымен түнгі рейд шаралары болып өтті. Шара аясында ойынханалар мен көшелер, саябақтар және жастар көп шоғырланатын орындар, алкогольді сусындар, темекі сататын дүкендер тексерілді. Көшеде жүрген жастарға сағат 22:00 - ден кейін ата-анасының рұқсатынсыз көшеге шығуға болмайтындығы түсіндірілді. 

  Жалпы жастар уақытын тиімді өткізу үшін "Жастар ресурустық орталығының" мамандары көптеген игі шараларды қолға алуда. Мәселен жақында мекеме мамандары жазғы уақытта бос жүрген жастардың басын қосып "Ән - көңілдің ажары" атты "Караоке PARTY" ұйымдастырды. Шарада қатысушылар ән айтып, қабілеттерін танытып, көңілдерін көтерді. Ұйымдастырушылар мұндара іс-шаралар дәстүрлі түрде өтетін болады дейді.


Тазалық ауладан басталады
Ең еңбекқор диқандар – Мақтааралда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу