Шаруаларға су жетеді
Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев тиісті сала басшыларымен, аудандағы ағын су мәселесін шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу үшін «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК тиесілі каналдарды аралап көрді.
Аудандық баспасөз қызметі мамандарының мәліметінше ағымдағы жылы «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-ның теңгеріміндегі су нысандарын қалпына келтіру туралы бюджеттік бағдарламасы аясында аудан аумағындағы Жібек жолы ауылдық округіндегі «Зортөбе» каналының – 2,5 шақырымы, Жібек жолы және Қапланбек ауылдық округтерінің аумағынан өтетін «Хожахан» каналының – 18,8 шақырымы және Тегісшіл ауылдық округіндегі «Таскескен» каналының – 2,5 шақырымының жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Гидроқұрылыс» ЖШС-гі мекемесі тарапынан жүргізілуде. Аталған коммуналдық кәсіпорын ауданның су пайдаланушылармен келісім-шарттарға тұрып, лимиттегі қаралған ағын суды жеткізіп беруде. Каналдарды аралау барысында өңір басшысы Қ.Абдуалиев тиісті бөлім басшыларына жылдың су тапшылығы сезілетін ең маңызды айларында шаруалар судан тапшылық көрмеуі керектігін баса айтты.