Балаларға базарлық жасады

Oinet.kz 16-07-2019 711

Screenshot_22.jpg

Бүгінде Арыс қаласындағы мектептердің 50 оқушысы Түркістан облысының Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде жазғы демалыстарын қызықты өткізуде. Арыстық балалар Мырзашөл өңіріндегі осы лагерьде 10 күн бойы демалып, түрлі мәдени іс-шараларға, байқауларға, спорттық жарыстарға қатысып, мақталы өңірдің тарихи мұражайымен, басқа да көрікті жерлерімен танысты.

Жақында  Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына» қарасты қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне арнайы барып, сонда демалып жатқан Арыс қаласының мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің мамандары хабарлайды.

Іс-шараны  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі ұтып алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Асықата кентінде ашылған «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығының өкілдері ұйымдастырды.  Орталық мамандары  оқушыларымен ашық-жарқын жүздесіп, жағдайларымен танысып, балаларға өздері дайындап әкелген сыйлықтарын тапсырды.


Жетісайдың өнімдері Еуропа асып жатыр
Қыста көшет егіп, көктемде өнім алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу