Мемқызметші мінсіз болуы тиіс

Oinet.kz 13-07-2019 572

Screenshot_23.jpg

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мухиденұлы аудандағы жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің тараптарынан Әдеп кодексінің талаптарын орындалулары жөніндегі жүргізілудегі зерделеулер қорытындылары бойынша түсіндірме жасау мақсатында жиын өтті. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

     Жиынға аудан әкімі аппаратының, ауданның дербес бөлімдерінің, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері мен қызметкерлері, бюджеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Әмірдин Әлишев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын орындау бойынша түсіндірме баяндамасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің жан тазалығының қалыптасуы – өзеріске енуі, жергілікті атқарушы органдардағы қызметшілердің жұмыс уақыты мерзімдерінің сақталуы, мүдделер қақтығысын болдырмау, автокөліктерді талапқа сай пайдалану, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік шараларды қолдану практикасы, БАҚ-тардағы жағымсыз мақалалар және әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі, сымтетікпен сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, ұсынылған киім кию үлгісін ұстану, сапалы қызмет атқару жөнінде келелі сөз қозғады. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Ақментай Үсенұлы жиынға қатысып отырған мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтің артылар жүгі мен жауапкершілігі жайында сөз қозғап, елге абыроймен қызмет етуге шақырды. Жиын аяқталған соң уәкілі Әмірдин Әлішов Келес ауданы әкімдігінің қабылдау бөлмесінде бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауап берді.


Жастар туған жерді көркейтуге атсалысады
Адалдық эстафетасы Шардараға табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу