Жастар туған жерді көркейтуге атсалысады

Oinet.kz 13-07-2019 691

Screenshot_22.jpg

Туған жерін көркейту, гүлдендіру әрбір азаматтың парызы. «Жасыл ел» созақтық жастарға осындай мүмкіндікті сыйлап отыр. Биыл  ауданда  «Жасыл ел» көркейту көгалдандыру мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары немесе арнаулы оқу орындарының студенттері жазғы демалыста бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  ауданның көркейту көгалдандыру жұмыстарына 59 жас қатысатын болады. 

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының хабарлауынша өңірде  былтыр 89 жас  «Серпін-2050» бағдарламасы аясында оқуға түссе, 2017 жылы осы бағдарламамен 55 жас білім алу үшін Солтүстіктің, Шығыстың жоғары оқу орындарына аттанған.       Былтыр  ауданға 25 жас «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа келді. Оның ішінде 22 жас 19-29 жас аралығында. Олардың барлығы  бір жолғы көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етіліп, 10 жас тұрғын үй сатып алуға несие алған.  «Жастар жылына» байланысты биыл ауданда бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 14274-ті  құрап отыр. Бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды.


Қауынның жаңа сортын екті
Мемқызметші мінсіз болуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу