Домбыра сыйлады

Oinet.kz 09-07-2019 624

Screenshot_17.jpg

Ұлттық домбыра күнін қазығұрттық аналар да тойлады. Нақтырағы сан ғасырдың сырын күмбірімен жеткізген ұлттық аспапты ұлықтау думаны орталық ауруханада жоғары деңгейде өтті.

Мерекеге арналған негізгі шара  орталықтағы перзентханадағы жас босанған аналарды құттықтаудан басталды. Бала сүйіп, бақыт құшағына бөленген Жадыра Фазилова үшінші сәбиін бауырына басты. Шекесі торсықтай ұл баланы дүиенеге әкелді. Аудан билігі тарапынан сыйға тартылған қазақтың қара домбырасы келіншектің көңілін көтеріп тастады. «Ұлым өскенде домбырашы болсын» деп ырымдады. Ал, Ақбота Төлеген болса, алғаш рет ана атанып отыр. Ұлттық домбыра күні қарсаңында босанған ана перзентіне Ринат деп ат беріпті. Ақын болса, деген ананың ниетіне сыйлық сай келгендей. 

Аталмыш мереке аудан көлемінде үлкен дәрежеде аталып өтуде.   Қазақстанда енді жыл сайын тойланатын болады. Айтулы дата аясында ауданда ұлттық аспапты ұлықтайтын шаралар кеңінен ұйымдастырылады дейді мамандар.


Мерекені қайырымдылықпен қарсы алды
Әкімге өтініштерін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу