Индустрияға жол ашылды

Oinet.kz 01-07-2019 628

Screenshot_8.jpg

Түркістан қаласында алдағы уақытта индустрия айтарлықтай дами түспек. Себебі мұнда индустриялдық аймақ құрылған болатын.  «Бекзат» шағынауданында индустриялық аймақтың жалпы аумағы – 40 гектарды құрайды. Өнеркәсіптің ордасында қазіргі таңда 13 жоба орналастырылған. Бұл аймаққа  әлі де 7 жобаны орналастыруға мүмкіндік бар. Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гүлжамал Даханованың мәліметінше  онда қазір 5 мекеме жұмыс істеуде. Дәлірегі,  кірпіш зауыты,  темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт және жиһаз шығаратын үлкен цехтар бар. 

Ағымдағы  жылы индустриалды аймақтан жоба құны 1000,4 млн.теңгені құрайтын  4 жобаның  жүзеге асырылуы жоспарлануда. Нақтырақ айтқанда: жабын плиталарын, тауарлық бетонды және ЖБИ және "құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты" "Айбек ЛТД" ЖШС, ЛАЖТ өндірісі ЖК "Grand Miks", Шарнирлі тор шығаратын «Мирас ДАМУ ЛТД» ЖШС және көп функциялы POS-терминалдарды құрастырып шығаратын  «Нурлы НазАй» ЖШС. Мұнда кәсіпорын қатары көбейсе 183 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 


Иранға жүгері эскпорттауда
Тәуекелмен басталған бизнес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу