Иранға жүгері эскпорттауда

Oinet.kz 01-07-2019 555

Screenshot_7.jpg

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан қаласында ежелден-ақ сауда-саттық жақсы дамыған. Сондай-ақ мұнда өнеркәсіп саласы да айтарлықтай жолға қойылған. Тұрғындары пысық әрі кәсіпке, шаруаға бейім келетін қалада бүгінде орта және шағын кәсіпкерлік өрлеп тұр. Басшылық тапарынан да кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, инвесторларды тарту жұмыстары қарқынды жүруде. 

Мәселен, индустриялық аймаққа орналастыру үшін жылына 15 мың тонна жүгері өңдейтін зауыттың құжаттарын тиісті комиссияға жолданыпты. Қазір таңда кәсіпкерлер құрал-жабдықтарын әкелудің қам-қарекетімен Иран мен Түркияда жүр. Алдағы уақытта кәсіпорынның тұсауы кесіледі дейді мамандар. Иелері – аталмыш мемлекеттерден көшіп келген қандастарымыз. Оралмандар. Өндірген тауарларын нарықта өткізу мәселесін де жан-жақты ойластырған. Жүгеріні шаруалардан сатып алып, кептіріп, дәнін собығынан ажыратып, қаптамаға салып, шетелге шығарады. Негізінен Иранға экспорттайды. Бағаларына дейін белгілеп қойыпты. Қайта түлеген шаһарда бизнесін экспортқа жоспарлайтын осындай өндіріс ошақтарының пайда болғаны әрине қуанышты жәйт. Бұл өз кезегінше бірнеше адамға жұмыс орнын тауып, беріп, жалақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. 


Балалардың көңілін көтерді
Индустрияға жол ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу