Өнерліге өріс кең

Oinet.kz 29-06-2019 762

Screenshot_12.jpg

«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей жас талантты дизайнерлер, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер мен зергерлер және қол өнер шеберлерін қоодау мақсатында Түркістанда «Turkistan ART fest» атты дәстүрлі байқау өтті. Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған  шараға 150- ге жуық жас қатысты. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болған байқау екі кезеңнен тұрды.

«Түркістан – кеше, бүгін, ертең» тақырыбын қамтыған үлкен көрме Есімхан алаңын шығармашылық орталыққа айналдырды. Байқаудың мақсаты - Тұғыры биік, тарихи маңызы жоғары Түркістанды жастардың көзімен көру. Шын шеберлерді бір арнаға тоғыстырып, олардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын арттырып, креативті ойлауға, еңбегінің жемісті жалғасуына орта қалыптастыру.

«Талантты жастарды қолдау мақсатында өткізілген бұл жобамыз биыл ерекше өтті. Қатысушылардың саны көп. Бірінен бірі озады»,- дейді Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» талантты жастарға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жұлдыз Балтабаева.


«Ұлы дала кемеңгері - Елбасы және Түркістан»
Баға билік назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу