«Ұлы дала кемеңгері - Елбасы және Түркістан»

Oinet.kz 29-06-2019 732

Screenshot_11.jpg

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік қызметке келгеніне биыл 30 жыл толуына орай Түркістанда «Ұлы дала кемеңгері - Елбасы және Түркістан» атты көрме өтті. Танымдық шараға тарихшы, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

 Көрмеде Елбасының  30 дан тастам дүниелері,   кітаптары,  90 жылдарда түсірілген фото суреттері ұсынылды.

«Елбасы Н.Назарбаевтың ел басқарғанына биыл 30 жыл толып отыр. Соған орай біздің музейде Елбасының жеке өзі қолданған заттары тарихтан сыр шертетін фотосуреттерді көрермен назарына ұсындық»,- дейді «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музей директорының орынбасары Бақытжан Нұрханов. Аталған мұражайда Елбасының өнегелі өміріне арнап дәстүрлі шаралар өткізіліп тұрады.  Мақсат, Н.Назарбаевтың елі үшін атқарған елеулі еңбегін, өз қаламынан шыққан кітаптарын, ой-толғамын келешек ұрпақ жадына жеткізу.  

     2018 жылы Түркістанның облыс орталығы мәртебесін берген де Елбасы. Тұңғыш Президенттің бұл тарихи шешіміне қуанбаған қазақ қалмасы десек артық айтқандық емес.  Қазір құрылыс қарқын алған қала күн санап өзгеріп келеді. 


Әже тәрбиесі ең үлкен мектеп
Өнерліге өріс кең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу