Әйелдер алтыншы рет көргенде ғана ғашық болады

Oinet.kz 18-02-2019 1319

HL7SteOhaHM.jpg

Әйелдер ешқашан да бір көргеннен-ақ ғашық болмайды. Мұндай пікірді британ ғалымдары айтып отыр. Ер адамға деген ерекше сезім тұтануы үшін әйелдер кем дегенде алты рет көру керек екен.

Ғалымдар жалғызбасты әйелдерді бақылап көрді. Белгілі болғандай, нәзік жандылар жаңа қарым-қатынас құруда аса асығыстық таныта қоймайды екен. Болашақ серігін анықтау үшін әйелдерге алғашқы таныстық кезінде орташа алғанда 45 секунд уақыт кетеді-міс. Алдымен олар ер адамның көзі мен жүзіне қарайды. Содан кейін жіті зерттей бастайтын болып шыққан.

Екінші олардың көзге түсетін жері саусағы екен, неке сақинасы бар-жоқтығын анықтау үшін. Содан соң барып киім киісі, тұлғасы мен ортада өз-өзін ұстауы, сөз сөйлеуі бағаланады. 

Нәзік жандылар тіпті бір көргенде дене бітімі мен терісін, тырнағын да қарап үлгереді екен. Осыдан соң ғана барып олар сол адаммен қарым-қатынасты ары қарай жалғастыру керек пе, жоқ па екендігін шешеді, - деп жазады шетелдік БАҚ.

Қарапайым адамдарға бақытсыздық не үшін беріледі?
Кемшіліксіз күйеуді қайдан тапса болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу