Балалар мен қариялар біріксе...

Oinet.kz 19-06-2019 1161

Screenshot_11.jpg

Бала және қария. Екеуі де адам өмірінің мәні мен қазынасы. Өкінішке қарай елімізде қаншама тастанды және жетім балалар жетімдер үйін ал жалғыз қалған қариялар қарттар үйін мекен етіп келеді. Ал егер осы екі мекемені біріктірсе ше? Дәл осы мәселені қозғаған жастар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесу барысында тың жобаларын ұсынды.             

  Өңірде «Zhan - uia» атты қарттар үйі мен балалар үйін эксперимент ретінде біріктіру жобасы қалға алынды.  Жас мемлекеттік қызметшілерден құрылған топ ұсынған бастаманы өңір басшысы бірден қолдай кетті.  Әуелі отбасы және балалар істері жөніндегі басқарма мамандарынан сұрау салып, жағдайды бақылауға алуды тапсырды.

«Жан ұя» әлеуметтік-отбасылық ауылы жобасының ғимараты жауаптылардың айтуынша Түркістан немесе Кентау қаласынан бой көтереді.   Қазір соған орай тиісті жұмыстар атқарылуда. Тапсырма берілді, облыс басшысы қолдау көрсетуді жүктеді. Енді құрылыс жұмыстарын 2020 жылы бастау жоспарланып отыр. 

  Шет елдерде жүзеге асырылып, нәтижесіне қаныққан жалынды жастар жобаның пайдасы мол екеніне сенеді. Әрине қазықы дәстүр, танымға жат ұғым болғанымен де қазіргі күннің басты мәселесіне айналғаны жасырын емес. Қарттар үйіндегі қамкөңіл жандар мен тастанды балалардың болашағы кімді де болсын алаңдатпай қоймады. Жастар осы мәселенің тиімді шешімін біріктіруден тапты. Ата-әже қамқорлығын көріп, тәрбиесін танымына түйіп өскен балғындар балалар үйінен түлеп ұшқанда түрлі құқық бұзушылыққа бармайды деп сенеді.

 Облыс әкімі белсенді жастарды қабылдаған жиын алдағы уақытта да жалғасын табады. 


Түлектер үлкен өмірге қадам басты
Инфрақұрылым мәселесі шешілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу