Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Бір бақта жайқалған ағаштар мен талдардың, әдемі гүлдер мен хош иісі мүңкіген гүлзардың ортасында емен мен раушангүл қатар өсіп тұрыпты. Емен өте ірі екен. Оның бұтақтары айналасыдағы талдардың төбесіне тәж сияқты төселе өсіпті. Раушангүлінің тек сабағы ғана шыққан екен. Сабағында бірнеше жапырақ енді ғана бүршік жарыпты. Сыртынан қарағанға солып бара жатқандай әлжуаз көрінетін.
Күш-қуаты көп емен раушангүліне ылғи күлетін. «Сен жылай беретін тікенек таяқсың» деп мазақ етуді әдетке айналдырады.
Жел соққанда еменнің жапырақтары бірде суылдап, бірде гүрілдеп неше түрлі дыбыс шығарушы еді. Осы дыбыс шығарғанын емен зор мақтан тұтатын. «Мен нағыз оркестрмін! Ашық аспан астын ғажап симфонияға толтырып жүрмін. Менің жанымда мына кепкен таяқ не тындыра алушы еді? Бұл раушангүлінің сабағынан не пайда?» деп гүр-гүр ететін өз-өзінен масаттанып.
Мына сөзден раушангүлінің есі шығатын. Ол ұялғанынан төмен қарап, тыныш тұра беретін.
Сөйтіп жүргенде мамыр айы туады. Раушангүл гүл ашады. Бақтағы бүкіл өсімдік атаулы бар ілтипатымен оған тоқтаусыз шапалақ соқты.
Кей адамдар мықты болып көріну үшін болмысында жоқ нәрсені іздеп әлек болады. Бірақ олар табиғат ана бермегенге ұмтылып, әуре боларын түсінбейді.
Гүл деген жәй ғана гүлдейді ғой.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы