Сені сүйетін адамды жолықтырғанда - өзіңді табасың

Oinet.kz 08-02-2019 1094

f0c42e86bdca3b088a1befb71ff8128e.jpg

Бір кездесу... Бітті... Баяғыда жұрттың бәрінен, әсіресе өзіңнен тығып қойған өзіңмен қайта қауышасың. Өзің ұмыта бастаған өзіңді қайтып тірілтесің. Алғашқы кездесуден көзге көрінбес белгілер мұнарланады. Оның көзінен ыстық ықыласты байқайсың. Оның күлкісі сондай таныс болады. Дауыс ырғағы бойыңды, ойыңды жаулап алады, жаныңды бей-жай қалдырмайды. 

Жадыңда жаныңды жадыратар сезімдер жаңғырар. Өте таныс. Сондай ыстық! Сенімсіз күйде оның тал бойынан мін іздейсің. Сенімсіздік таудай сағынышыңды оятады. Ойламауға бекінген, жерінген сезімді түртеді. Сен байқағың келмеген, менде бар дегенге сенбеген нәзіктік бой көтереді. Жүрегіңнің түкпірінде сартап болған естеліктер ағыны көз алдыңнан біртіндеп мөлдірей өтеді. 

Айтып түсіндіре алмайтын ғажапты кешесің. Бұл сағыныш сағым болғалы қашан?!... Бірақ ол бар екен. Өшті дегенің өшпепті. Бір күні сол сағыныш селдей қопарылып, тасқындап, атқылап сыртқа шығады. Ешбір кедергі мен қарсылыққа қарамастан санаңда менмұндалайды. Оны басы бүтін сезімге деген сағынышпен толтырады. Санаңдағы бар ақыл мен ережені бұзып-жарып, «сезімді» қайтар деп талап қояды. Семген, сарқылған сезімге жан бітіреді... Сен туғалы ұмыттым деген саф сезім қайтадан бүршік жарады. 

Сонда селдей сағыныштан сансырап қалған, естен танған сен бұл талап кім туралы екенін еске түсіресің. Содан кейін бұл ішкі дауысты ештеңемен өшіре алмайсың. Ол жадыңда жаңғырады да тұрады. Ұмыта алмайсың. Өйткені, жүрегіңде талғаусыз махаббатың оянады. 

Шебер уақытқа бас иіп, өзіңді тұтас көре бастайсың. Бар болмысыңды. Сымбатың мен жан жылуыңды. Жан қуатың мен бүтін мұң-қайғыңды. Осы күйіңде қандай сұлу екеніңді сезесің. Қайғыңның қаншалықты терең екенін түйсінесің. 

Себебі, сені осы күйіңде, еш боямасыз шын сүйетін адамды кездестіресің. Ол бірден өзіңнің болмысыңнан мүлде өзгерме деген биік талабын қояды. Сені өзіңнен де артық сүйетін адамды жолықтырасың. Міндетті түрде. 

Ғаламшар пәлсапасы

Аударған Шынар Әбілдә

Ольга Валяева: Ғаламның ережелері
Қиын кезде бәрінің бетпердесі ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу