Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Эрих Мария Ремарк – махаббат тақырыбын терең қаузап жазған үлкен жүректі жазушы. Оның шығармаларына бір рет ден қойған адам бас тарта алмай оқитыны содан.
• Жаңа танысқан адам үш күнде саған етене жақын боп кетуі кәдік. Ал, жылдар бойы жаныңда өмір сүрген жан сенің қай түсті ұнатаныңды да білмей өтуі бек мүмкін.
• Өзіңдікін тапқанда, өзгеге қарағыңда келмейді.
• Жер бетіндегі ең нәзік дүние – әйелдің махаббаты. Бір қателік, жағымсыз сөз, қату қабақ – бітті, сезімнің күлі көкке ұшқаны!
• Ең ауыр сезім – көңіл қалу. Реніш, қызғаныш, тіпті жек көру де емес... Олардан кейін жаныңда бірдеңе қалады ғой, ал көңілің қалса – бос кеңістік тұншықтыра бастайды.
• Бір адам екіншісіне бір тамшы жылудан басқа не бере алады? Одан артық не болуы мүмкін? Сен тек өзіңе кім көрінгенді жақындатпа. Жақындаттың екен – ұстап қалғың келеді. Дүниеде ештеңені де ұстап қалу мүмкін емес...
• Кешірім сұрау – сенікі бұрыс, онікі дұрыс дегенді білдірмейді. Бұл менмендігіңнен гөрі екеуара сезімнің тым қымбат екендігін ғана көрсетеді.
• Сенің адамың «сенің жаныңда көңілі көтеріңкі» адам емес, сенің жаныңда жүздеген адам өзін жақсы сезінуі мүмкін. Сенікіне – «сенсіз өмір тамұқ».
• Егер жаның бәз біреуге тартылып тұрса, кедергі келтірме. Адамға не керегін білетін жан ғана.
• Біз бөтен адамдармыз, белгілі бір өмір жолын бірге өткерсек те, бір-бірін мүлде түсінбей өткен бейбақтармыз.
• Дос болып қалайық? Сөнген сезімнің күлінің үстіне кішігірім бақша егу? Жоқ. Бұл сен екеумізге лайық емес. Болмашы құмарлықтан кейін солай бола беретін шығар. Оның өзінде де бәрі жалған екені сезіліп тұрады. Махаббатты достықпен былғамайды. Біткен нәрсені бітті деп қабылдау керек.
• Кеше сүйген адамыңнан артық бүгін бөтен адам таппассың.
• Біз ешқашан бір-бірімізді ұмытпаймыз. Алайда ешқашан бір-бірімізге оралмаймыз.
• Махаббат ақталуды көтере алмайды. Оған керегі әрекет!
• Мына нәрсе есіңде болсын, қарақ: ешқашан, ешқашан, тағы да бір рет ешқашан сүйген әйелің үшін жасаған кез келген әрекетіңмен оның көзінде күлкілі болуың мүмкін емес.
• Меніңше әйел заты сүйіктісіне сүйдім деп ешқашан айтпауы керек. Ол жайында оның мөлдіреген көзі айтсын. Бақытты әйелдің жанары кез келген сөзден шешен келеді.
• Сүйсең, әйелді пір тұт. Сүймесең, жайына қалдыр. Басқасының – бәрі өтірік.
• Мазасын аламын деген үрейден мүлде бейтарап көрінгіміз келеді.
• Жүрегіңді дір еткізіп, артынша жаныңа түкірген адамға деген жек көрушілік тым терең болады.
• Жанында тұрдым, оны тыңдадым, бірге күлдім, сосын әйелді сүйіп тұрып кедей болу қандай қиямет еді деп ойладым.
• Айтарың бар кезде керек сөзді табу сондай қиын.
• Сені бағаламайтын адамды бағындырғың келген сайын оның саған деген беймаралдығы жаныңа ауыр жара сала бермек.
• Біреуді ұмытуға тырысқан сайын – үнемі ол туралы ойлай бересің.
• Еш керегім жоқ деп ойлайтын адамдар шын мәнінде ең керек адамдар.
• Жиі кездескенің маңызды емес, сол кездесу сіз үшін қаншалықты қымбат екені мәндірек.
• Таң атқанда ең бірінші және жатар алдында ең ақырғы ойлаған адам – сенің бақытыңның не қайғыңның себепкері.
Аударған Шынар Әбілдә