«Тек құранды ғана оқи берме»: - Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға өз сөзін айтты

Oinet.kz 05-06-2024 1230

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила "Тәңіршілдердің құрылтайшысы" туралы айтқан Бекболат Тілеуханға жауап берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

«Бекболат бауырыма бірер сұрақ:

1. Құдай қазаққа өш пе? Неге, Швецию, Норвегию, Финляндию, Мальту и Барбадос елдерінде ешқашан жерді сілкімейді, ал Қазақстандағы жерді сілкиді?

2. Құдай неге Алматыға өшігіп алған? Неге Солтүстік облыстарда жерді сілкімейді? Егер Тәңіршілдер өз құрылтайын Астанада не Көшетауда жасаса не болар еді? Сол жерді сілкиді ме, жоқ бәрібір сол Алматыға кәрін төге бере ме?

Жалпы Бекболат көзі ашық, көп оқыған адамсың ғой, жердің сілкінісі жайлы ғылым не дейді екен? Ғылымды оқыған адамдардың жазғанын бір шолып шықсаң. Дінде де «Оқы, Оқы және Оқы» деген ғой. Тек құранды ғана оқи бермей География, Сейсмология деген ғылымға да бірауық уақыт бөліп, содан кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң..», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

«Тарихты өзінен бастағысы келетін топастар»: Журналист Саяхат автовокзалының ғимаратын жоқтады
«Сәлафтар бір-біріне зат секілді сыйлады»: Шымкент тұрғыны сәләфтардан көрген қорлығын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу