«Дін тазаланғанша талай адам қырылып қалады ғой»: Дархан Әбдік

Oinet.kz 15-05-2024 809

Журналист, “Парасат майданы” бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбдік "Қызыл крест. Қайырымдылық мақсатында құрылған ұйым жайлы" бағдарлама кезінде спикерлердің дін жайлы айтқан әңгімелеріне байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

"20-ғасырдың басында 2 катаклизмнен өтті адамзат. Бірінші дүниежүзілік соғыс, содан кейін екінші дүниежүзілік соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемге ортақ адам хақының деклорациясы қабылданды. Адамның хақы өсті. Адамның өмірінің құны артты өркениетті елдерде. 

21-ғасырдың да басы өкінішке орай, қайтадан осындай соғыстардан, кикілжіңдерден басталып келе жатыр. Ауғанстан болсын, Сирия болсын. 

Дегенмен жаңағы "мұсылман діні мейірімдірек, христиан діндеріне қарағанда" дейсің. Бірақ дәл осы шығыстың елдерінде бүгінгі таңда мейірім аздау. Мысалға талибанның жасап отырғанының өзі. Олар жаудың хақы түгілі, Ауғанстанның өз халқының хақын сақтап отырған жоқ. Ешқандай сот жоқ, тергеу жоқ. Олар әлемдік институттарға есеп бермейді, ақпарат бермейді. Олардың өкілдерін өз аумақтарына кіргізбейді. Мысалы бүгінгі таңда "Қызыл крест" дабыл қағып отыр. Мұны қалай түсіндіреміз?",- деді бағдарлама жүргізушісі.

Спикердің "Ислам діні - өте жас діндердің бірі. Христиан дінінің тарихында да террористік актілер болған. Олар да бір-бірін қырып жатты. Ең бірінші крест жорықтарын олар бір-біріне жариялады. Яғни, бөлінудің мәнісі де бір-бірін жек көруде болды. Жаңа ағымдар пайда бола бастады. Ислам діні де сол тарихи, обьективті процессті өтуде. Дін осы процесс арқылы тазаланады. Яғни, мұсылман діні де осылай тазаланып жатыр" деген жауабына Дархан Әбдік: 

"Дін тазаланғанша талай адам қырылып қалады ғой",- деп уәж айтты. 

Одан бөлек бағдарлама жүргізушісі әлемдегі алауыздықтың ең алғашқы себебі дін екенін айтады. 

"Дін мейірімді дейсің, бірақ әлемді бөліп отырған, қатыгездікті туындатып отырған дін. Өйткені, терроризм дінді уағыздау және дінді әлемге тарату жолындағы күрес. Дін адамзатты екіге бөліп отыр ғой",- дейді журналист. 

«Абай жолы» - ұлы шығарма емес: Журналист Перизат Мырзахмет
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу