Мемлекеттік қызметші туралы оң көзқарас қалыптастыруы тиіс

Oinet.kz 27-03-2024 897

Мемлекет мүддесіне қызмет ететін қызметкерлердің адалдығы және әділдігі, өз ісіне тиянақтылық танытуы, қоғам мен халық үдесінен шыға білуі – маңызды міндет. Анығын айтқанда, көпшілік арасында мемлекеттік қызметші туралы пайымды пікір, оң көзқарас қалыптасуы қажет. 

Screenshot_7.jpg

Әрине, мұндай сенім мен құрметке жету едәуір еңбекті талап етеді. Ол үшін бір ғана кәсіби білімнен бөлек, мемлекеттік кызметшінің кәсіби деңгейі мен жоғары рухани адамгершілік қасиеттері үйлесім табуы тиіс. 

Қазақстан Республикасы Президентінін 2015 жылы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік кызметшілер Әдеп кодексімен белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. Асылында, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да, Әдеп кодексінде көзделген талаптарды қатаң сақтауы қажет. Демек, әрбір қызметкер мейлінше сыпайы, өзінін лауазымдық бабын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны абзал. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер жеке өмірінде де әр қадамын мұқият басып, өз ісімен өзгелерге өнеге көрсетуі керек. 

Біз азаматтармен берік байланыс орнату барысында өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде жеткізу, пікір білдіруші адамның сөзін бөлмей, олардың сұрақтарына тиянақты құлақ асу, әңгімелесушіге кұрмет таныту, толық кеңес беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы айту, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулілерге құрметпен қарау, оларга тиісті көмекті көрсету секілді қағидаларды ұстануға тиіспіз. Осы аталған қарым-қатынас мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірдің қалыптасуына ықпал жасайды. 

Айбек АҚЫЛБЕКҰЛЫ,

Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы, 

Әдеп жөніндегі уәкілі

Наурыз қарсаңында Түркістанға 20 мыңнан астам турист келеді
Бейжіңде Түркістан облысы NAURYZFEST өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу