Есуас қатын көбейді
Әйелдер түгел бетін, қарнын, көзін тартуға кірісіп кетіпті. Уколдың неше түрін салып, бір-бірімен жарысуда. Егер еркектер әйелдердің тек кузовына емес, ақылына, тәрбиесіне қарайтын болса, онда мұншама есуас әйел болмас еді!
Еркектер! Сіздер кінәлі бұған!
Тек жас, сұлу әйелге ғана басымдық бересіздер. Содан есуас қатын көбейді. Бояну тас дәуірінде қалды. Енді тек пластикалық ота дәуірі басталды.
Соның бәрі кім үшін? Әйел әйел үшін мұндай жертваға бармайды! Себебі осындай құрбандыққа тамсанып, әйел әйелге ақша бермейді! Әйелдің "сұмдық сұлулығына" тамсанып, еркектер оған ақша береді.
Инстаграмда миллиондаған "сұлу" әйел қалай байып отыр? Пластикалық ота жасатып, өзін тауар ретінде ЕРКЕКТЕРГЕ жарнамалайды.
Ажырасқан әйелдердің көбі сол трендке қосылды. Сосын "сұлулығының" арқасында жас не бай жігітке күйеуге тиіп, оны тағы мақтанады.
Соған еліктейтін жас қыздар әлі пісіп-жетілмей жатып пластикалық отаға жатады.
Күні кеше пластикалық ота жасайтын әйелдің айтқанынан шошыдым. "16 жасар қыздар ернін үлкейтуге келеді. Мендегі пациенттер негізінен ерін мен көз үлкейтушілер. Қыздар жап-жас боп неге өзінің индивидуалдығын сақтағысы келмейді? Тіпті бір-екі қыз инста жүргізеді екен, соған суреттерін салады, сосын клиент табады, шетелге қыдырады, қымбат киім алдырады, соған мәз болып өмір сүруде. Маған не? Бизнесім жүрсе болды. Бетті ақша табу үшін сәндейтін қыздардың көптігінен шошимын. Бәріне бақуатты еркек қайдан табыла берсін?" - дейді.
Бір оқиға есіме түсіп кетті. 25 жасар қыз төсін, көзін үлкейтіп алған. Себебін сұрадым.
- Қалаулымға қатысқым келеді.
- Ол саған не береді?
- Инстаграмда подписчик көп болады.
- Одан не пайда?
- Ақша түседі.
- Соншалықты көп ақша түсе ме?
- Ақшадан бөлек, жігіттер көп сөз айтады, айфон әпереді, шетелге қыдыртады әдемі болсаң.
- Шетелге қыдырып болған соң, айфон алып болған соң ше? Не істейсің? Анау жігіт сені пайдаланып, тастап кетсе ше?
- Түууу, ары қарай ойланбадым! Қойыңызшы! Маған айфон и көп подписчик керек!
Общым солай.
Гүлжазира Есбол
Facebook парақшасынан