Балалар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болмауы тиіс

Oinet.kz 26-08-2023 532

Қоғамда күрмеуі шешілмей жүрген мәселенің бірі - отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайының көптігі.

Screenshot_7.jpg

Осы мәселенің негізгі түбірі туралы Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығының төрайымы, 20 жылдық тәжірибесі бар ментор, 40000-ға жуық отбасыға оң нәтижелі тренинг өткізген отбасылық коуч, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа және балаларға қатысты буллингті болдырмау және алдын алу бойынша «Ел ертеңі – жас ұрпақ» жобасының авторы Жақыпова Ақбаян Төлбасықызы: «Балаларға қарсы зорлық-зомбылық деген өте ауыр тақырып. Бұл тақырыпта мен 2019 жылдан бері өте үлкен жобалар жасап келе жатырмын. Зорлық-зомбылық құрбандарымен тығыз байланыстамын. Бала не нәрсені де үйден үйренеді. Әке-шешесі бір-бірімен тату тұрмаса, бір-бірін боқтаса, төбелессе ондай отбасында өскен бала зорлық көрсетуге бейім болып қалыптасады. Ол агрессиясын ата-анасына көрсете алмайтын болған соң, жора-жолдастарына, айналасына көрсетеді. Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою Отбасылық коучтың айтуынша, бала тәрбиесі – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. «Біз кейде баланың материалдық қажеттіліктерін өтесек болды екен деп, жұмысбасты болып кетеміз. Үйі, жатақ-жайы, тамағы, киімі, мектебі, қажетті құрал-жабдықтары түгел болса болды деп ойлаймыз. Бірақ, баланың сонымен қатар рухани қажеттіліктерін де өтеу керек. Баламен сөйлесу, құшақтау, сүю, ақылдасу, сырласу, баланың жеке шекарасын құрметтеу, баланы тұлға ретінде қабылдау және ең негізгісі баланы зорлық-зомбылықсыз ортада өсіру міндеттерін ұмытып кетпеу керек», - дейді ол. 

Расында да, ата-анасының ұрыс-керісі мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты көріп өскен бала да болашағында өзі куә болғанын қайталайтыны белгілі. Қайткен де, бала естігенді емес, көргенді істейтіні ақиқат. Сондықтан да, бала тәрбиесіне салғырт қарамау өте маңызды. 

Масылдық пен мұқтаждық екі түрлі ұғымдар
Зорлық-зомбылыққа заң бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу