Журналист вице-министрдің «85000 теңгеге өмір сүруге болады» деген мәлімдемесіне қарсы уәж айтты

Oinet.kz 18-08-2023 2739

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың "ай сайын 85 мың теңгеге өмір сүруге болады" деген сөзін жоққа шығарды. Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Журналисттің елдегі ахуалды шенеуніктер қалайша білмейтініне күйінді.

«Елімізде 85 мың теңгеге (спокойно) өмір сүруге болады деген батыр осы екен ғой.

Мәселе оны неге жұмсайсың? Ол адам жемей ме, ішпей ме, киінбей ме, балалары ше? Көп қазақ ай сайын 85 мың тг. кредит төлеп, бұдан көп ақшаны жалдамалы пәтерге жұмсайтынын Еңбек және әлеуметтік вице-министрі қалай білмейді.

Осы шенділердің ақылы-ақ тасып тұрады екен: біреуі просто нанға ақша таппасаңдар пирожное жеңдер деп еді, келесі: зейнет жасын азайтуға неге асығасыңдар ол қартаюдың белгісі дегені есте. Бәрінен де 5 жыл бұрынғы Байбектің : шет елдіктер Алматы мейрамханаларында 500 тг тоя тамақ ішеді дегені мен энергетика министрі Бозымбаевтың Астанаға газ келуін құдай ғана біледісін ұмытқан жоқ шығарсыздар? Сонымен, мейлінше үнемдеп есептеп көрейік, 85 мың тг. бір адам бір ай қалай өмір сүреді? Сіз неге жұмсар едіңіз?», - деп жазды ол.

«Қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек»: Сақалды жігіттің видеосы қоғамда дау тудырды
Павлодарда кішкентай қыз үйіне әлдекімнің өлім алдында жазған хатын әкелген (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу