Әділетті әлеуметтік саясатты жақтаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Егемендік дегеніміз - жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі - елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, ынтымақтастық.
Сондай ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы" деген болатын. Расында да қоғамдағы ынтымақтастық пен татулық Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына арқау болатын қағидалар. Бұл туралы Түркістан облысының мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева "Шын мәнінде Президенттің айтқанының маңызы бар екенін уақыт көрсетіп отыр. Еліміздегі көп ұлтты халықтың ауызбіршілігінің арқасында ынтымақтастық орнап, бірлігі ұйыған елге айналып отырмыз. Жастар да, орта буын да, аға буын да әділетті әлеуметтік саясатты жақтайды. Әділетті әлеуметтік саясат орнаған елде ғана болашаққа деген сенім болатыны айтпай-ақ түсінікті.
Біртұтас ел екенімізді күнделікті өмірден көріп біліп жүрміз. Дегенмен де, сапасыз менеджменттің, керек десеңіз кейбір тұста жемқорлықтың да ұлттық санаға кері әсері болатынын, азаматтық қоғам құруда да кері әсерін тигізетінін сарапшылар айтып жүр. Бірлігі жарасқан ел болуға жұмылу сіздің де, біздің де, бәріміздің болашағымыздың іргесінің мықты болуы үшін қажет дүние" деді. Кемелұлы Тоқаев "Егемендік дегеніміз - жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі - елдегі бейбіт өмір,қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, ынтымақтастық. Сондай ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы" деген болатын. Расында да қоғамдағы ынтымақтастық пен татулық Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына арқау болатын қағидалар. Бұл туралы Түркістан облысының мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева "Шын мәнінде Президенттің айтқанының маңызы бар екенін уақыт көрсетіп отыр. Еліміздегі көп ұлтты халықтың ауызбіршілігінің арқасында ынтымақтастық орнап, бірлігі ұйыған елге айналып отырмыз. Жастар да, орта буын да, аға буын да әділетті әлеуметтік саясатты жақтайды. Әділетті әлеуметтік саясат орнаған елде ғана болашаққа деген сенім болатыны айтпай-ақ түсінікті.
Біртұтас ел екенімізді күнделікті өмірден көріп біліп жүрміз. Дегенмен де, сапасыз менеджменттің, керек десеңіз кейбір тұста жемқорлықтың да ұлттық санаға кері әсері болатынын, азаматтық қоғам құруда да кері әсерін тигізетінін сарапшылар айтып жүр. Бірлігі жарасқан ел болуға жұмылу сіздің де, біздің де, бәріміздің болашағымыздың іргесінің мықты болуы үшін қажет дүние" деді.
Өз сөзін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деген сөзін айтып, осыны басты ұранға айналдыруымыз керек деп қорытындылады.