«Шымкентке келсең көретін күнің осы»: Белігілі заңгер Айгүл Орынбек қала әкіміне шүйлікті

Oinet.kz 25-05-2023 723

Белгілі заңгер Айүл Орынбек Шымкент қаласының қақ ортасында тұрып судан тапшылық көретінін айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіне жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_9.jpg

"Республикалық статусы бар қала Мегаполис - Шымкентке келсең көретін күнің осы! "Головой отвечаю", "Жестко саудаласамын" деп айтатын әкіміміз Әйтенов келгелі ауылды жиі еске алып жүрміз. Қаланың қақ ортасында тұрып, тазикке су жылытып, жуынамыз. 

Рақмет саған Әйтенов, бәрімізге ауылды ұмыттырмай жүргенің үшін. Тағы біз үшін не істей аласың? Жылыту кезеңдерінде дайындық, 1 айға қаланың ыстық суын өшіріп қойған. Қала прокураторасы мен Антикорды оятып жіберіңдерші! Тұтынушылардың құқығы неге қорғалмайды? Әлде Ауыл Полис тұрғындары сасық қалада тұрып жатқандары аздай, енді өздері де сасып жүрсін деп жатсыңдар ма?", - деп жазды ол. 

Screenshot_8.jpg

«Өзіме қол жұмсаймын»: Қарттар үйінің былығын әшкерелеген кейуана қудалауға ұшыраған (видео)
Аймағамбетов «соңғы қоңырауды 1 маусымға ауыстыру бекер» деген сөзге жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу