Қайырымдылық қайырлы іс

Oinet.kz 23-06-2019 816

Screenshot_158.jpg

Отырар ауданындағы Темір ауылында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген «Туған елге тағзым» акциясы аясында осы кезге дейін пәтер жалдап күн кешіп жүрген көп балалы  Ербол Мүсіреповтің отбасы баспаналы болып, ерекше қуанышқа бөленді. 

Жергілікті кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков пен «Темір» жалпы орта мектебін 1994 жылы бітірген түлектер бірлесе отырып, Мүсіреповтер отбасына бес бөлмелі баспана тарту етті. Бүкіл ауылды сүйсінткен аталмыш игілікті шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде «Қайырымдылық қайырлы іс» деп бекер айтпаса керек. Қиын сәтте көрсетілген көмек ешқашан ұмытылмайды. Бауыржан жыл сайын мұқтаж отбасыларды азық түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетіп келеді»,- деді.  Аудан әкімінің атынан көп балалы отбасыға тоңазытқыш, кір жуатын машина, үйге қажетті жиһаздар тарту етілді. 

Игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Сайрамда бар сансыз баб
Орта Азияны көсемнің елесі әлі кезіп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу