Үш ауысымды мектептер жойылады

Oinet.kz 03-04-2023 433

сайт12 фото.jpg

«Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мәлімдеме жасаған болатын. 

 «Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан осы ұлттық жобаның жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуі қажет. Әкімдер жер, инфрақұрылым жөніндегі барлық мәселені шешуі керек. Сондықтан өңір басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Үкіметке әрбір өңірдің осындай міндеттемелерін айқындап, олардың орындалуын бақылауды тапсырамын", – деген Мемлекет басшысы. 

Осы мәселе бойынша жуырда Шымкентке ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келді. Ол 2025 жылға дейін елімізде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 401 мектеп салу жоспарда бар екенін айтты. Білім ұялары әлемдік үлгідегі озық мектептердің деңгейінде болады. Сонымен қатар, 7000 мектеп қайта жаңартылады. Ауыл мектептерінің мәртебесін көтеру, материалдық жағдайын қала мектебінен кем етпеу де – басты назарда. Осы мақсатта биылдан бастап ауыл мектептерінің оқушыларына арнайы республикалық олимпиада ұйымдастырылмақ

Ал Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында шаһарда 2025 жылға қарай 25 мектеп салыну көзделіп отырғанын жеткізді. Сонымен бірге жеке инвесторлар қаржысына қосымша 29 білім мекемесі тұрғызылады. Және де алдағы уақытта балабақшалар мен колледждердің материалдық-техникалық базасын заманауи стандарттарға сәйкес жетілдіріледі. 

Сондай-ақ қалалық білім басқармасы таратқан мәліметке сәйкес биыл бой көтеретін жаңа мектептер мемлекеттік-жекменшік әріптесігі аясында салынады. Және жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша білім беріледі. Бұл дегеніміз білім ұялары жекеменшік болғанымен барлық шығын бюджет есебінен толтырылады. Сондықтан ата-налар қалталарынан бір тиын да шығармай, балаларын тегін оқытады. Білім ошақтарының құрылысына байланысты осы жобаны жүзеге асыру арқылы алдағы уақытта мегаполистегі үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі түбегейлі жойылады. 


"Жайлы мектеп" жаңа білім сапасына жол ашады
"Жайлы мектеп" жабдықталуымен ерекшеленеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу