Алматы орталығындағы су құбыры неден жарылғаны белгілі болды

Oinet.kz 13-01-2023 576

image.png

Алматы орталығында жарылған су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. "Кеше түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады. Оның салдарын қазіргі уақытта "Алматы су" МКК апаттық бригадасы қажетті техниканың көмегімен шұғыл түрде жоюда", - деп хабарлады "Алматы су»" компаниясынан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген.

"Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар үйдің ескі магистралды су құбырының бұзылуына байланысты ажыратылған сумен жабдықтау жұмыстары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілетін болады. Аталған қалалық сектордағы үйлердің тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Илья Ильин шаңырақ көтерді
Қазақстанда жастар саны 6 миллионға жетті – министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу