Қазақстанда жастар саны 6 миллионға жетті – министр

Oinet.kz 13-01-2023 570

image.png

Қазақстанда жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайды және осы санаттағы азаматтар саны 6 миллионға дейін көбейді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы бойынша таяуда мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданды. Заңға сәйкес, жастар санаты 35-ке дейін ұлғайды. Осылайша, еліміздегі осы санаттағы азаматтар саны 6 миллионға дейін көбейді. Енді салада ауқымды істер атқарылып, заң игілігін барша жастарымыз көреді деген сенімдеміз», - деді Д. Қыдырәлі министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2023-2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы жобасы әзірленіп, ашық талқылауға ұсынылды.

«Еліміздегі жастар ресурстық орталықтарына бір жыл ішінде 400 мыңнан астам адам түрлі мәселемен жүгінген. Сондықтан, еліміздің барлық өңірінде жастар ресурстық орталықтары ашылуы қажет деп ойлаймыз», - деді Д. Қыдырәлі.

Алматы орталығындағы су құбыры неден жарылғаны белгілі болды
Ресейде президент сайлауына дайындық басталды – БАҚ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу