Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Фаст-фудқа неге құмармыз? Бұл сұрақты кімге қойсақ та,Фаст фуд тез әрі дәмді дайындалатын тағам деп жауап береді."Fast food" өткен ғасырдың 80-90ж.ж "жүгіріп жүріп қоректену" деген атпен бүкіл әлемге танылды.Қазіргі уақытта жылдам дайындалатын донер,шаурма, чикен, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп ақ.Бірақ олардың сапасы мен құрамына көңіл аударып қараған біреу жоқ.
Қарапайым тілмен айтқанда ақшаға ауру сатып алып жатқан сияқтымыз. Осы тұрғыда арнайы маман Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Махатова Сауле Хантореевна ханымның көмегіне жүгіндік.
Фотода: Махатова Сауле Хантореевна
- Фаст фудтың зияны мен құрамы,адам ағзасына қаншалықты зарар тигізеді? Осы жайлы айтып кетсеңіз.
Қазіргі кезде тез дайындалатын тағамдарды қолдану өркендеп кеткен. Тез дайындалатын тағамдар – бұл әр түрлі гамбургерлер, шаурма, сэндвичтер, пицца, чебурек, чипсы, және т.б. Адамдар бұл тағамдардың зияны туралы білмей, біреулері күнде қолданса, кей біреулері анда санда пайдаланатыны анық, әсіресе жастар, студенттер арасында осы тағамдарды қолдану кең таралған. Барлық фаст-фудтардың құрамында көп мөлшерде калория бар, өйткені майлы ет, майлар, майонез, трансгенді майлар қосылып дайындалады. Оған қоса, көптеген адамдар осындай тағамды құрамында қанты өте көп газдалған тәтті сусындармен бірге ішеді. Сонымен қатар, тез дайындалатын тағамдарда бұзылмау үшін көп мөлшерде консерванттар, тұз, өнімнің дәмін және иісін жақсарту мақсатында түрлі тағамдық, химиялық қоспалар қосылады.
- Фаст фудт тағамның әсерінен адамдар қандайда бір ауруға шалдығуы мүмкін бе?
Фаст фудтағы химиялық қоспалардың бәрі әр түрлі ауруларды тұдыратыны дәлелделген.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне сәйкес, бүгінде кең таралған созылмалы жұқпалы емес аурулардың (қан айналымы жүйесінің аурулары, инфаркт, инсульт, қант диабеті, семіздік, қатерлі ісіктер, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және т.б. аурулар) дамуының себептерінің бірі осы дұрыс тамақтанбау, тез дайындалатын тағамдарды, фаст-фудттарды, тәтті газдалған, газдалмаған сусындарды қолдану, қант пен тұздың мөлшері жоғары болатын өнімдерді артық тұтыну, көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз қолдану болып табылады. Мұндай тамақтанудан әсіресе балалар қатты зардап шегеді.
-Жылдам дайын болатын тағамдар әсерінен семіздік ауруына душар болғандар көрсеткіші қаншалықты?
2014-2017 жылдары Қазақ тамақтану академиясының өткізілген ұлттық зерттеулерінің мәліметтері бойынша 5-9 жастағы қазақстандық балалардың 17,6% және 10-14 жастағы балалардың 15,0% артық дене салмағы және семіздік анықталған.Егер балаңызды кішкентайынан дәмді, денсаулыққа пайдалы тағамдар дайындалған үстел басында бүкіл отбасымен жиналып тамақтану дәстүріне үйретсеңіз, бұл жас балада дұрыс тағами талғам қалыптасатыны сөзсіз.
Сұхбатыңызға көп рахмет!
Фотода: Перизат Маратқызы
Ары қарай сыртқа шығып Фаст фуд өнімдері сатылатын көшелерді араладым.Бір байқағаным көбінесе 14-15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер Фаст фудқа құмар.Фаст фудтың еліктіргіш қасиеті бар сияқты бір жесеңіз арыла алмай қаласыз.Ендігі кезекте 18 жастағы жасөспірім Маратқызы Перизатпен сауалнама жүргіздім.
- Фаст фуд өнімін жиі қолданасың ба?
Иә, әрине Фаст фудты жақсы көрмейтін адам жоққой.Жылдам әрі дәмді дайындалатындықтан достарымызбен бірге жиі барамыз.
- Фаст фуд денсаулыққа зиян, семіздіктің ауруына алып барады деп қорықпайсыңба?
Жоқ, қорықпаймын себебі семіздіктің алдын алатын түрлі жаттығулар бар.Зиян болмас үшін күнде жемеймін,анда санда жеймін.
- Перизат сауалнама үшін саған рахмет.
Шапағат Ғайбулла
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, 2 курс