Қоқыс - глобалды мәселе

Oinet.kz 23-05-2019 1917

Screenshot_4.jpg

Қоқысты жинау мен сұрыптау және оларды қайта өңдеу қазіргі глобалдық мәселелердің бірі. Күнделікті тұрмыстан шығатын қалдықтар экологиялық ахуалға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 43 млрд тонна қалдық қайта өңдеуден өтпей тұралап тұр. Қоқысты қайта өңдеу түгілі оны сұрыптап арнайы жәшікке салмайтындар көп бізде. Тұрған ортаға жанашырлықпен қарамайтындығы ма әйтеуір қолдарындағысын жеткізбей тастайтындар да жетерлік.

    Ал әлемдік тәжірибеде қоқысты қайта өңдеу белгілі бір жүйеге келгені қашан. Мәселен,қалдықтарды сұрыптап қайта өңдеу ісі бойынша Еуропа елдері арасында Германия алдыңғы қатарда. Бұл мемлекетте кез-келген сусынның бағасына ыдысының құны қосылады. Босаған кезде оны өткізіп ақшасын кері қайтарып алуға болады.1990 жылдардан бастау алатын мұндай тәжірибе әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ал Америкада қалдықтар пластик бөтелгелерге жиналады. Олар әр үйдің алдындағы контейнерлерге салынады. Өз кезегінде қоқыстан жасалған тауарларға міндетті түрде неден жасалғанын білдіретін арнайы белгі қойылады. Мұнда қазіргі таңда қоқыстарды жою бойынша ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қолға алынған. Ұлыбританияда болса бұл сала бойынша жоғары деңгейде жұмыстар атқарылмасада орташа дәрежеде жасалынады. Бұлай дейтініміз жарамсыз қалдық күнделікті жиналмайды. Өңдеу ісі әр ауданда әр қалай. Бір көшелерде жиі жиналса,шеткі аймақтарда екі-үш аптада ғана орындалады. Мұнда тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптамаған болсаңыз міндетті түрде айыппұл төлейсіз. Күн шығыс еліне келетін болсақ экологиясын сақтау үшін мұндағылар барын салады. Бұл елде әр үйдің алдында үш контейнер болады. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түрлі  түсті пакеттері бар. Қоқысты кәдеге жаратып отырған тағы бір мемлекет Франция. Қалдықты қайта өңдеуден 30% алюминий,50% әйнек,50% қағаз өнімдерін өндіріп отыр. Финляндия бұл салада тәжірибесі мол елдердің бірі. Көшелерінде арнайы жәшіктер қойылған. Оларға салынатын қоқыс вакумды құбырлар арқылы бірден қалдық өңдейтін зауыттарға түседі. Қалдықтар секундына 25-30 метр жылдамдықпен жеткізіледі. Нәтижесінде бір шөлмек 30 мәрте қолданылады. Ал қалғандары өртелініліп одан жылу энергиясы алынады.

       Ал біздің елде қалай? Жинау мен сұрыптаумен айналысатын кәсіпорындар қанша? Қоқыспен аузы-мұрны толған полигондар ше?

Макулатура,шыны,полителен мен пластик өнімдерін қайта сұрыптап шығаратын елімізде 50-ге тарта кәсіпорын бар.Алайда олардың көбісінің жұмыстары мәз емес. Мемлекет қаржысынан салынған зауыттардың тең жартысы қалдықтың тек аз бөлігін ғана қайта өңдеп отыр. Тіпті кейбіреулері ашылмай жатып мемлекетке борышкер болып қайта жабылуда.

Содан кейін кәсіпорындар өңдей алмаған қалдықтар әрине полигондарға тонна болып жүк машиналарымен жеткізіледі. Заңнамаға сүйенсек экологиялық кодекстің 288-бабының 3 бөлімінде: "Қауіпсіз жағдайда сақтауға арналған орындарда тұрмыстық қалдықтар үш жыл ғана сақталуы тиіс деп көрсетілген. Осы мерзім ішінде қайта өңдеуден өткізілуі немесе жерге көмілуі қажет"делінген.Заңда көрсетілген бұл нұсқаулар орындалып жатыр десек шындықтың ауылынан алыс кеткеніміз болар. Себебі полигонда үш жыл ғана сақталуы қажет қалдықтар апталап,айлап тіпті жылдап та тұра береді. Үйінділерде жатқан тұрмыстық қалдықтар өз беттерінше оңайлықпен ыдырай қоймайды. Мысалы біз күнде тұтынатын жеміс-жидек қалдықтары 2 апта,қағаз майлықтары 1 ай және темекі тұқылдары 2-10 жыл жерде жата береді.Ал бүлдіршіндерге кигізетін жөргектер 30-40 жыл және қытырлақ картоп қаптамалары 70-80 жыл жерде өз күйін жоғалтпай тұрады. Бір реттік қолданатын ыдыстар 100 жыл,алюминий мен пластик құтылар болса 500 жыл бойы ыдырамайды. Сонымен қатар шыны ыдыстар 1 миллион, ал батерейалар 2 миллион жыл бойы топыраққа сіңбей жер бетінде сақтаулы күйде тұрады. Қазіргі сәтте осыншама уақыт ыдырамайтын тұрмыстық қалдықтар полигондарда көмілуде. Сонымен қатар ірі қалалардың тұрғындары көп шоғырланған аудандарына тым жақын орналасқан полигондар да бар. Ал кейбір қоқыс үйінділерінің оқшаулағыш жабыны және қалдық суларды жинау мен өңдеу жүйесі жоқ. Демек талапқа сай келетіндері сирек. Қала аймақтарына жақын орналасқан полигондардан шығатын жаман иіс тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық.Көп уақыт бойы сақталып тұрған қоқыстан шығатын иіс түрлі ауруларға себеп болады. Лас ауамен демалған адам жүрек-тамыр ауруларына,жүйкенің бұзылуына,қатерлі ісік пен өкпе дертіне ұшырауы мүмкін.

          Жоғарыда Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін елімізде көптеген кәсіпорындар бар дедік. Соның бірі Шымкент қаласында орналасқан. Шымкенттен жылына 185 мың тоннадан аса тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Қолдануға 2012 ж берілуі тиіс "Технология-21" ЖШС қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатып тұр. Құрылысы 1 млрд 150 мың теңгені құрайтын мемлекет қаржысынан салынған бұл кәсіпорында бастапқы кезде  200-ге жуық қызметкер бір аусымда жұмыс атқарған болатын. Аумағы 5 гектар болатын зауыт Шымқаладан шығатын тұрмыстық  қалдықтардың көбісін дерлік қайта өңдеуге қауқарлы еді. Жұмысы тұралап тұрған зауытқа жөнелтілетін қалдықтар қазіргі кезде Ақтас мөлтек ауданына қарасты полигонға жеткізілуде. 

    Жуық арада Шымкентте рұқсат етілмеген,экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондар тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесінде көлемі 50 мың тоннаны құрайтын 28 заңсыз қоқыс алаңдары бар болып шықты. Заңсыз үйінділер экологияға 2 милиард теңге көлемінде шығын келтірген. Полигондарға жауап беретін азаматтарға 3 миллион болатын әкімшілік айыппұл салынды.

     Жоғарыдағылар салғырттық танытатын тілге тиек болар мұндай жайттар айта берсек өте көп. Палигондар жабылып,қоқыс өңдейтін зауыттар көбейсе экономикаға берер пайдасы молынан болар еді. Атқа мінерлер қатардағы  қағаз бастылыққа құрылған басқосулар мен нәтижесіз жиналыстарға мән бергенше,нақты іс-әрекетке көшсе деген біздегі ниет қана. Хош, көш жүре келе түзеледі.

Бір сәт айналаңызды жасыл желекпен емес,қағаз қалдықтарымен елестетіп көріңізші. Қорқынышты солай ма? Олай болса,таза әлемде өмір сүргіңіз келсе қоқыс сұрыптауды бүгіннен бастаңыз.

Ақбота Серікбаева, 

ХҚТУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенті

Фаст-фуд: асқазанға түскен жалған ас
Шымкенттегі қарттар үйіндегі ахуал қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу