«Кеше ғана нағыз сексизм құрбаны болдым» - Ерлан Оспан

Oinet.kz 11-07-2022 1634

ӘЙЕЛДЕР ТАРАПЫНАН СЕКСИЗМ

Screenshot_11.jpg

Кеше ғана нағыз сексизм құрбаны болдым.

Базарда бұқтырылған жүгерімді күтіп тұрсам, бір әйел мені қасындағы дүкендегі қанттың кезегінде тұр деп ойлап қалыпты.

- Інім, ұялмай тұрып алыпсың, менің мана тұрғанымды мына жердегілердің бәрі білед! Кішкене шығып кетіп едім, масқара! Бұл күнде еркектердің еркек сиқы қалған жоқ... - деп, оталып кетіп бара жатыр кәдімгідей.

- Мен шекерге тұрған жоқпын ... - деп, бірдеңе міңгірлей беріп едім:

- Қатынмен қатын болып ұрысайын деп тұрсың ба? - деп, аузыма құм құйды.

Байқамай қант кезегіне кіріп кетпеңдер жігіттер, әйелдер тура сол жерде жәбірлеп, ұрып жібереді!!!

Facebook парақшасынан

«Еркектердің ерте өліп қалатыны содан» - Мұратхан Шоқан
«Хатуныңды ұруға болады, тіпті, «тағы ұршы» деп зар қақсауы ықтимал» - Самат Нұртаза
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу