«Еркектердің ерте өліп қалатыны содан» - Мұратхан Шоқан
Мұратхан Шоқан еркектердің ерте өліп қалуы жылай алмауынан екенін айтады.
1. Жауды жеңсең де ақылсыз әйелді жеңе алмайсың. Үндемесең басыңа шығады. Үндесең жәбірлеуші боласың.
2. Ақылсыз әйелге қорлаушыдан қорлық көрушіге айнала салу оңай. Өйткені: Әйелдер жайлы жазылған һам жазылмаған заңдар олардың солай көрінуіне мүмкіндік береді.
3. Әйел ашуланса жылап алады, бұлқан-талқан болады. Қара энергия көз жасымен, айғай- аттанмен шығып кетеді. Еркетер жылай алмайды. Көп жағдайда ашуын тежеп қалады. Еркектердің ерте өліп қалатыны содан.
4. Әйел мен еркектің арасындағы жаңжалға еркекті кінәлап кесім айтамыз. Бірақ нақтылы жағдай өз басымыздан өтсе, бұлай кінәлаудың кейде әділетсіз екенін түсінер едік.
5. Ақылсыз әйелмен ренжіспеудің, ақылды әйелмен ренжісудің амалын таба алмайсың.
6. Ақылсыз әйел жақсы дүниені, ақылды әйел жақсы еркекті қадірлейді.
facebook парақшасынан