Қазақстан достықтың киелі мекені» атты тақырыпта ашық сабақ өтті
Шымкен қаласы Әл-Фараби ауданы жастар орталығының қолдауымен «Шымкент көпсалалы» колледжі мекемесінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қала әкімдігі ұйымдастырып жатқан «Жұлдызды 30 күн» жоспарына сәйкес, «Қазақстан-достықтың киелі мекені» тақырыбында студенттер арасында ашық сабақ өткізілді. Бұл іс-шараның маңызы өте зор. Қазақстан тәуелсіздігін алған 30 жыл ішінде көпвекторлы саясат ұстанып, өзге мемлекет, өзге ұлт, өзге этнос өкілдерімен тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ұлттар арасындағы дүрдараздыққа жол берілмей келеді. 100-ден аса ұлт өкілі Қазақстанда бір тудың астында бейбіт өмір сүруде. Осылайша Қазақстан өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп, достықты насихаттауда.
Бұл ашық сабақтың мақсаты - білім алушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу болды. Ашық сабаққа қатысқан колледж ұжымы Тәуелсіздік туралы ой қозғап, оның бағасы зор екенін айтты. Алдағы уақытта тәуелсіздікті өскелең ұрпаққа насихаттап, оны әрқашан бағалау керектігін мәлімдеді. Ашық сабақ жемісті өтіп, берер нәтижесі зор болды.