«Аналар кеңесі» өтті

Oinet.kz 09-12-2021 2158

Screenshot_4.jpg

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас қыздар арасында «Аналар кеңесі» тақырыбында кездесу  өтті. Тәуелсіздік пен ана -егіз ұғым десе болады. Тәуелсіздігі бар ел, анасы бар бала - өзін төрт құбыласы түгел сезініп, бақытты ғұмыр кешетіні анық. Сондықтан да тәуелсіздік пен ананы әрқашан ардақтап, құрметтеген абзал.

Осы орайда жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған кездесудың мақсаты - жастар арасында қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосу болды.  Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі етуді мақсат тұтты. 

Кездесуге Еңбек ардагері Құрманбекова Шарапат Қожахметқызы қатысты.

Аталмыш шарада отбасы құндылығы, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері туралы ой қозғалып, жастардың толғандырған сұрақтарына мардымды жауаптар алынды.

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті
Қазақстан достықтың киелі мекені» атты тақырыпта ашық сабақ өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу