«Мына тірлігі ал, не істей аласыңға ұқсайды» - Айгүл Орынбек
Наурыз шығынының дауы әлі біткен жоқ. Бұл туралы Facebook қолданушысы парақшасында жазды
- Шымкент пен Тендер. Мияттың тағы бір сапалы жұмысы.
Наурыз шығынының дауы әлі біткен жоқ. Ол даудың негізгі өзегі неге тендер бір көзден кетеді, неге техспецификациясы анық емес, неге оны кеше құрылған компаниялар ұтып алады деген сұрақтар болған. Білмей қалды, білмей қалады деп ойлады деген пікірлер айтылған. Келісемін.
Бірақ бір рет әшкере болған адам келесі қадамын аңдап басуы керек еді. "Аузы күйген үріп ішеді" дегенге салсақ. Ал мына мекемеде сол тарих тағы қайталанып жатыр. Неге? Өйткені аузы күйген жоқ. Абырой, имидж дегендердің құны көк тиын. Күю = тиісті жаза, шара еді мұнда. Бірақ ол болмады. Осындайды көрген соң, адам есіреді, наглость шкаласы көтеріле түседі. Бізді құртатын жемқорлық қана емес, сол жемқорлыққа қарсы заңның жұмыс істемеуі, безнаказанность (қазақша дәл баламасын бере алмадым, айтып жіберсеңіз, келесіде қолданамын).
Мына тірлігі ал, не істей аласыңға ұқсайды. Расында, не істей аламын? Біз істей алғанымызды істедік, істеп те жатырмыз. Ендігісін істеуге құзыреттілер істеуі керек еді. Ал олар үнсіз, істеуге құлықты да емес. Бірінші реттен кейін жақсылап бір "тақап", енді қайталасаң көзіңе көк шыбын үймелетем десе, келесі жолы ойланар еді. Ал істегендер солай деуі керектерге 80 млндап шабадан тасып жүр. Құдай оңдап онысын қабылдамады. Бірақ сол арқалап баруының өзі бір көрсеткіш. Мынау өте жаман, қауіпті мысал. Karin Erlanның еститін үкіметінің маскасыз бейнесі, бүгінгі сиқы - деп жазды ол.